Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Парламентке келген шенеуніктерді терлетіп, ұялтып жібереміз – депутат Айдос Сарым (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым VIII сайланған парламенттің екінші сессиясындағы жұмыстарды қорытындылай отырып, депутаттар мәжіліске келетін шенеуніктер кейде қатты ұялып кететінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Парламентке келген шенеуніктерді терлетіп, ұялтып жібереміз – депутат Айдос Сарым (ВИДЕО)
Фото: parlam.kz

Оның айтуынша, үкіметтің кейбір мүшелері үшін парламент қазір «қатты терлеп, ұялып» шығатын орынға айналған.

«Біз «мықты парламент» дегенге келе жатырмыз. Егер іс-шаралар күнтізбесіне қарасақ, қазір парламентте күніне 8-9 шара өтеді. Мен білетін біраз шенеунік, үкіметтің біраз мүшесі мен вице-министрлер үшін парламентке келу бұрынғыдай той емес. Оларды терлетіп, ұялтып жібереміз», - дейді Айдос Сарым.

Депутат сондай-ақ екі тараптың бір байламға келуінде жиналыстың сағат нешеде өтетіні маңызды рөл атқарады дейді.

«Менің ойымша, сағат 17.00 кезіне қойылған отырыс нәтижелі болады. Тамақ ішкісі келіп, асыққан адаммен келісімге келу оңай», - дейді Айдос Сарым.