Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Астанада мешіттер мен шіркеулерге бақылау күшейеді

Биыл 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің өтінуе байланысты қауіпсіздік мақсатында мешіттер мен шіркеулерге бақылау күшейеді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Астанада мешіттер мен шіркеулерге бақылау күшейеді
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ІІМ өкілі елорданың кіреберісіне блок бекеттер қойылғанын, полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жеткізді.

Мұндай шаралар қабылданылып жатыр. Бұл – Қазақстанның ойлап тапқаны емес, халықаралық тәжірибе. Біз мұны халықтың қауіпсіздігі үшін істейміз. (Мұның бәрі) мәртебелі меймандарды қабылдаумен байланысты екенін алдын ала ескертеміз. Стратегиялық нысандар күзетіледі. Көрші мемлекетте болған оқиғаларға байланысты діни және басқа да нысандарға наряд қойылды, - деді Марат Қожаев Сенат кулуарында.