Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Бишімбаевтың адвокаты экс-министрдің туыстарынан 100 млн теңге алған әйел туралы айтты

Қуандық Бишібаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрдің отбасынан 100 млн теңге сұраған әйел туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Бишімбаевтың адвокаты экс-министрдің туыстарынан 100 млн теңге алған әйел туралы айтты
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Адвокаттың айтуынша, әйелге 100 млн теңге жалған ақша берілген. Ол сол сәтте ұсталған.

Ол алқабилердің атынан келіп тұрғанын, қалалық сотпен байланысы бар екенін, апелляцияға қатысты сұрақтарды шеше алатынын айтқан. Өзін осы істі шеше алатын маңызды адамдар жібергенін айтқан. Бұл ойдан шығарылған жағдай болуы да мүмкін, шын болуы да мүмкін. Оны тергеу көрсетеді, - дейді Ғазымжанов.

Адвокат әйелдің ұсталғанын, тергеу барысында оның артында тұрғандардың да ұсталанатынына сенім білдірді.

Бишімбаевтар дұрыс істеді. Бірден арыз жазды... Ол әйел Бишімбаевтардың үйіне барған. Хат жазып, хабарласқан екен, бірақ барлық жерден бұғаттап отырған. Содан кейін барып үйіне іздеп барған, - дейді адвокат.