Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қолма-қол ақшаны сейфімен бірге ұрлағандар ұсталды (ВИДЕО)

Ақмола облысында қолма-қол ақшаны сейфімен бірге ұрлағандар ұсталды , деп хабарлайды Paryz.kz. 

Фото: видеодан скриншот

Қылмыс 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып,  металл сейфті ұрлап алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда кәсіпкердің айтуы бойынша бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған.

Компания басшысы кәсіпорынның сейфін ұрлап кеткен қаскүнемдерді ұстағаны үшін полицейлерге алғысын білдірді.