Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Лагерьде балаларды зорлады»: Абай облысының тұрғындарын алаңдатқан ақпарат рас па?

Абай облысы тұрғындарының арасында лагерьде балаларды зорлап, жасырынды деген екі ер адамның фотосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Лагерьде балаларды зорлады»: Абай облысының тұрғындарын алаңдатқан ақпарат рас па?
Фото: istockphoto.com

«Олар лагерьде балаларды зорлады. Енді Семей жаққа қарай жол тартты, жасырынып отыр. Егер олар пәтер жалдаса, 102-ге жедел хабарлаңыз», - деп жазылған тұрғындар арасында тараған хабарламада.

Алайда, полиция ақпаратты тексеріп, оның жалған екенін анықтады.

«Аталған адамдардың құқық бұзушылық жасауға қатысы бар екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жауап берді ПД.