Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылды — ІІМ

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке жарияланған мемлекетаралық іздеу күшін жойды. Kazinform агенттігі істің мән-жайын Ішкі істер министрлігінен сұраған еді.

Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылды — ІІМ
Фото: instagram.com/beibutshumenov

Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. 

«Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі бойынша және жәбірленушілерден келіп түскен кешірім беру арызы негізінде Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес және онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса, сондай-ақ келген залалды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», — делінген агенттік жолдаған сауалдың жауабында. 

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі өзге ақпараттың жария етуге жатпайтынын және тергеу нәтижесімен қылмыстық процеске қатысушылар ғана танысуға құқылы екенін хабарлады.