Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Айдос Садықовты атты деген күдікті Қазақстан полициясында жұмыс істей ме? - ІІМ мәдімдеме жасады

Украина астанасында қастандыққа тап болған қазақстандық журналист Айдос Садықовты өлтіруі мүмкін күдіктілердің есімі аталды. Осыған орай Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Айдос Садықовты атты деген күдікті Қазақстан полициясында жұмыс істей ме? - ІІМ мәдімдеме жасады
Фото: dalanews

Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында көліктің ішінде әлдебіреулер атып кеткен болатын.

Ол қазір ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.

Әйелі Наталья Садықованың айтуынша, украин полициясы осы қылмысқа қатысы бар адамдарды тапқан. 

Олар — 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев. Екеуі 2 маусымда Киевке келіп, пәтер жалдап тұрған. 

Айтуынша, Мейрам Қаратаев — Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкері. 

Дегенмен бүгін ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен істің бүкіл мән-жайын анықтау үшін тиісті жедел іс-шаралар жүргізіп жатырмыз, — дейді ведомстводан.

Осы жұмыстың нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі.