Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Бүгін 9 облыста күн қатты ысиды - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 21- күнгі күн райы болжамын жариялады.

Бүгін 9 облыста күн қатты ысиды - Қазгидромет
Фото: freepik.com

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн әлі де құбылмалы, атмосфералық ағындардың өтуіне орай жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жаңбыр, солтүстікте бұршақ жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Тек шығыста, солтүстік-батыста ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Күндіз Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық болады, Абай, Жетісу облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.