Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Ақсуда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған әйел ағаш бұтағына ілініп аман қалды

Құтқарушылар оны үшиінді баспалдақ арқылы төмен түсіріп алған. Жедел жәрдем бригадасы әйелді ауруханаға жеткізді.

Ақсуда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған әйел ағаш бұтағына ілініп аман қалды
Фото: Kazinform

Ақсу қаласындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден әйел адам құлап кетті.

34 жасар әйелдің бағы бар екен, ол терезе алдында өсіп тұрған жуан ағаштың бұтағына ілініп аман қалған. 

«Павлодар облысының Ақсу қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жанында, үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел құтқарушылар күшімен ағаштан түсірілді. Құтқарушылар үшиінді баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.