Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Кептеліс болса, даму бар»: вице-министр елордалықтар шағымына жауап берді

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Сенаттың жалпы отырысынан кейін елордадағы көлік кептелісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Кептеліс болса, даму бар»: вице-министр елордалықтар шағымына жауап берді
Фото: gov.kz

«Іс жүзінде жол салу министрліктің нормативтік құжаттарына кіреді. Дегенмен, бұл — жергілікті атқарушы органның құзіретіндегі шаруа. Онда автомобиль жолдары басқармасы бар. Мұның бәрін солар жоспарлайды», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына.

Вице-министр өткен жылы Астананы дамыту мәселесі талқыланғанын, оның барысында тұрғындар да, журналистер де ұсыныс енгізгенін атап өтті.

«Дегенмен, кептеліс — ағымдағы жөндеу жұмыстары. Кептеліс болса, демек, даму жүріп жатыр деген сөз. Ал даму — бұл жақсы», - деді Мақсат Қалиақпаров.