Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елімізде орташа зейнетақы қанша

Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Елімізде орташа зейнетақы қанша
© Sputnik / Владислав Воднев

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге зейнетақы төленген. Соның ішінде базалық зейнетақы – 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 61,8 млрд теңге.

" 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге", - делінген хабарламада.

 

Қазір республикадағы зейнеткерлер саны – 2 млн 383 мың адам.

Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.