Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Жаслан Мәдиевтің министр болуына қайын атасының қандай қатысы бар

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке Мәжіліс отырысынан кейін ведомство басшылығына келуіне байланысты сұрақ қойылды.

Жаслан Мәдиевтің министр болуына қайын атасының қандай қатысы бар
фотт: Kazinform

«Бізде министрлердің кандидатурасын Мәжіліс бекітеді. Сіздің қайын атаңыз сіздің кандидатураңызға дауыс берген депутаттардың тізімінде болды ма?» — деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, Дүйсенбай Тұрғанов — оның кандидатурасын дауысқа салған комитеттің мүшесі емес.

«Бұл комитетте ол болған жоқ», — деді Жаслан Мәдиев.