Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Астаналықтарды үш күн онлайн жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылды

Астана әкімдігі 2024 жылдың 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік компаниялардағы қызметкерлердің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Астаналықтарды үш күн онлайн жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылды
Фото: freepik.com

Себебі, 3-4 шілде күндері елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді, тиісінше, бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейеді.

«Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді», - деп хабарлады Астана әкімдігінің телеграм арнасы.