Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Ақмола облысында алимент төлемеген адам сотталды

Ақмола облысының Астрахан ауданында алимент төлеуден жалтарып жүрген 2 борышкер Қылмыстық Кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Ақмола облысында алимент төлемеген адам сотталды
Фото: gov.kz

Борышкерлердің кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды. Мысалы, борышкер Р. 2019 жылдан бастап алимент төлемені үшін Астрахан аудандық сотының қаулысы бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның берешегі 5 млн теңгеден асқан. Алайда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлемей жүрген. Ал борышкен Н.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды.

Еске сала кетсек, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам уақыт орындамағаны үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген. Алиментті уақтылы және толық төлеу – әр ата-ананың парызы. Бұл міндеттің іске асырылуын прокуратура органдары ерекше бақылауда ұстайды, – делінген хабарламада.