Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Асырап алған балаларын қорлаған емшінің 31 жыл бұрын адам өлтіргені расталды

Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды. Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Асырап алған балаларын қорлаған емшінің 31 жыл бұрын адам өлтіргені расталды
фото: әлеуметтік желіден

Емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.

Сот отырысына келген қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова тілшілерге берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты. 

құжат

Фото: Жансая Тәуекелқызы/Kazinform

Бұл құжаттар ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген. 

Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген.