Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Балаларды азаптады деген күдікке ілінген шымкенттік емші арнайы ауруханада жатыр - ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында асырап алған алты баланы азаптады деген күдікке ілінген емшінің мамандандырылған ауруханада жатқанын айтты.

Балаларды азаптады деген күдікке ілінген шымкенттік емші арнайы ауруханада жатыр - ІІМ
Коллаж: Kazinform

Асырап алушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Соттың санкциясымен күдіктінің ауруын ескере отырып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы интенсивті бақылаудағы мамандандырылған стационарға орналастырылды. Қылмыстық іс зерделеу және одан әрі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа жіберу үшін Шымкент қаласының прокуратурасына жіберілді», - делінген сауалға берілген жауапта.