Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қазақстанның көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек

Еліміздің көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек. Қазірдің өзінде аспан асты елінің көліктеріне сұраныс жоғары. 

Қазақстанның көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек
Фото: depositphotos.com / ChinaImages

Бұған тұтынушыларға жасаған жағдай мен бағаның қол жетімділігі себеп дейді мамандар. Жаңа брендтер нарыққа қалай әсер етеді? Бұл туралы Астана арнасының сюжетінде айтылды.

Қазір жаңа темір тұлпар тізгіндейтіндердің таңдауы аспан асты елінің өніміне түседі. Ресми дилерлер саудалаған әрбір төртінші машина – қытайлық бренд.

Алдыңғы орында Chery, Haval мен Jac автокөліктері тұр. Былтыр Қытайдан Қазақстанға 869 млн долларға 55 мың көлік әкелінген. Жалпы, көрші ел автокөліктерінің әлемдік нарыққа шығуы соңғы төрт жылда 9 млрд доллардан 78 млрд-қа дейін артқан.

Алдағы уақытта Қазақстан нарығына тағы он бес шақты қытайлық көлік бренді кірмек ниетте. Бұл дегеніміз — Автомобиль дилерлері арасында үлкен тартыс пен бәсекелестік болатынын білдірсе керек.