Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Премьер болғанда қайда қалдыңыз»: депутат Смайыловқа ҚТЖ туралы «сыпайы» сұрақ қойды

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтан премьер-министр кезінде «Қазақстан темір жолының» проблемаларын неге шешпегенін сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Премьер болғанда қайда қалдыңыз»: депутат Смайыловқа ҚТЖ туралы «сыпайы» сұрақ қойды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палата теміржол саласына жүргізілген аудиттың қорытындыларын жариялады. Сұрақ-жауап барысында депутат Ерлан Сайыров ЖАП-тың қазіргі төрағасы Әлихан Смайыловтан үкіметті басқарып тұрғанда ҚТЖ компаниясының мәселелерімен неге айналыспағанын сұрады.

«Жаңа өзіңіз айтып кеттіңіз, бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолының» қаржылық жағдайы өте мүшкіл. Енді шынын айту керек, ол жағдай сіз премьер-министр болып тұрған кезде ушығып кетті. Сондықтан бір сыпайы сұрақ қояйын. Сол кезде осы мәселемен неге айналыспадыңыздар?», - деді мәжілісмен.

Экс-премьер бұл мәселелерді бірнеше рет көтергенін айтты. Бірақ қабылданған шаралар өз нәтижесін бермеген.

«Бұл расында да белгілі мәселелер. Біз өз кезінде бұл мәселелерді бірнеше рет көтеріп, салалық министрліктерге де, ҚТЖ компанияларына да тиісті тапсырмалар беріп, жұмыстарды талап еткенбіз. Бірақ қабылданған шаралар толық көлемде жүрмей, тиімсіз болып келе жатыр. Сондықтан бұл мәселені тағы да көтеруге мәжбүр болып отырмыз», - деп ақталды Смайылов.

Айтуынша, аудит қорытындысы бойынша құқық қорғау органына бес материал жіберілген. Бұған қоса әкімшілік жауапқа тарту бойынша 117 материал өкілетті органдарға жолданды.