Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Алматыда қайырымдылық қорына қатысты іс қозғалды

Алматы қаласының прокуратурасы мамыр айында «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелерінің қауымдастығына қарасты 26 мекеменің заңсыз қызмет еткенін анықтады, деп хабарлады ведомство.

Алматыда қайырымдылық қорына қатысты іс қозғалды
фото: bf-annamarya

Мекемелер жарғы талабына сай жұмыс істемеген. Сонымен бірге балаларды лицензиясыз оқытып, уақтылы медициналық көмек бермеген.

Тексеру кезінде мекемелердің діни бағытта жұмыс істегені анықталды. Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы бұл мекемелермен жасалған меморандумды бір жақты үзгенін растады, –делінген хабарламада.

Заң нормаларын бұзған бірқатар мекемелер мен олардың басшылығына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Іске кәмелетке толмаған балаларды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізгені, тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты қоздырғаны, соттың мекемелерден экстремистік және террористік деп таныған әдебиеттерді табылғаны атап көрсетілген.

Қазір мекемелерде тұрған балаларды отбасыларына қайтару жұмыстары жүргізілуде.