Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Алматы маңында оқ атқандар ұсталды

Алматы облысында той кезінде аспанға мылтық атқан күдіктілер қола түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Алматы маңында оқ атқандар ұсталды
Алматы

Полиция мәліметіне сәйкес, оқиға 9 маусым күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында болған. 

– Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері құқықбұзушыларды қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Атыс қаруын қолдану бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауржан Әленов.

Сондай-ақ полиция бастығы аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданғанын атап өтті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы маңындағы тойда мылтық атқандар іздестіріліп жатқанын жазған едік.