Елордада Құрбан айт мейрамында тұрғындар автобуспен тегін жүретін болды, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 16 маусым – Құрбан айт мейрамында қоғамдық көлікте (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін болады. Автобустар таңғы сағат 6-да жұмысын бастайды.
16 маусымға қараған түні №201, 202, 203 түнгі бағдарларда да жол жүру тегін болады.
Түнгі бағдарлардың қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.