Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Пара алды деп айыпталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі ақталды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер «Қазселденқорғау» мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарады.

Пара алды деп айыпталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі ақталды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. (Кәрім Көкірекбаев — ред.) мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеті мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталған еді (ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).

Сонымен қатар, К-ға бір әрекетті бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).

ЖШС директоры П-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (ҚК 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (ҚК 367-бабының 4-бөлігі).

2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А. ММ басшысының орынбасары бола тұра өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, селден қорғау бөгеттерін салуға шарт жасалған мердігер ұйымның директоры Ж-дан пара алған.

Жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін пара беруші 397 621 АҚШ долларынан астам ақша берген.

Ал сотталушы П. ЖШС директоры бола тұра жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін ММ басшысының орынбасарына 397 621 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Алқабилер алқасының шешімі бойынша (көпшілік дауыспен) К. өзіне тағылған айып бойынша ақталды.

ҚК 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған А-ға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен сотталушы А. ақталды.

П. ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі және ҚК-нің 195-бабының 4 бөлігінің 2 тармағы бойынша сотталушы П. ақталды.

Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде аудандық сот арқылы Алматы облыстық сотына шағымданып, наразылық білдіруге болады. 

Еске салайық, Кәрім Көкірекбаев Қазселденқорғау мекемесіне басшылық қызметтен бұрын Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, Жамбыл облысының әкімі секілді лауазымдарды атқарған.