Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген
Фото: istockphoto.com

Дереккөзіне сүйенсек, бұл әкім шаруа қожалығын конкурсқа қатыстырмай-ақ оған 120 гектар жер беріп жіберген. Яғни, Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзған.

«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген, мақсатты түрде пайдаға жаратылмаған. Сонымен қатар, біреулерге жер заңнамасын бұза отырып берілген.