Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға тыйым салына ма – Ақпарат министрлігінің жауабы

Өзбекстан билігі имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға және жазбаларға лайк басуға ресми түрде тыйым салды. Мұндай тыйым Қазақстанда да болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға тыйым салына ма – Ақпарат министрлігінің жауабы
көрнекі фото: muftyat.kz

Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіні пайдаланып, уағыз айтуына тыйым салынбайтынын айтты.

«Әрине, көршіміздің бұл тәжірибесін білеміз. Менің ойымша, әлеуметтік желілер де жамағатпен, азаматтармен байланыс орнатудың бір құралы. Сондықтан біз әзірге басқа нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірақ әлеуметтік желіде парақшасын жүргізуге тыйым салу мәселесі қарастырылып отырған жоқ», - деді Қанат Ысқақов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Вице-министр имамдарға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылмайтынын атап өтті.

Қарым-қатынастың басқа да нұсқасы бар. Мысалы, офлайн, онлайн, стримге шығу. Бұл – жамағат және сөйлесудің бір нұсқасы. Күн тәртібінде бұл мәселеге тікелей шектеу қою тұрған жоқ, - деді министрдің орынбасары.