Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз». Бас прокуратура тағы ескерту жасады

Бас прокуратура қазақстандықтарды тағы да қырағы болуға шақырды, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз». Бас прокуратура тағы ескерту жасады
Фото: © Sputnik

Бүгінде алаяқтар адамдарды алдап, ақша табу үшін жаңа әдіске көшкен.

Мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар ашып, алаяқтық белгілері бар хабарламалар жіберу дерегі жиіледі. Сондықтан Бас прокуратура қазақстандықтарды күмәнді және күдік тудыратын аккаунттар мен сілтемелерге өтпеуге қайта шақырады, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықтар ондай жалған хабарламаларға сенбеуге тиіс.

Ескерту: Әлеуметтік желіде осындай дерекке куә болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.