Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Полицияның пара алып жатқан видеосы тарады: Антикор тергеу бастады

Antikor әлеуметтік желіде шыққан жазба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Полицияның пара алып жатқан видеосы тарады: Антикор тергеу бастады
Фото: stan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтар тұрғысынан әлеуметтік желілерге, ақпараттық арналар мен мессенджерлерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Ақпаратты жүйелі талдаудың арқасында әртүрлі сипаттағы жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталады. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге және қызметтің түрлі салаларындағы жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Мысалы, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жазбаға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді, - делінген хабарламада.

Антикордың хабарлауынша, тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.