Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлады Paryz.kz.
Ведомство мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 71 мыңға жуық түлек тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 71%-ы қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 74%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балл – 67, ең жоғары нәтиже 137 балл болды. Оны осы аптада 3 талапкер жинады, - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық бірыңғай тестілеудегі ең жоғары балл – 140.
Айта кетейік, бүгінде ҰБТ күн сайын екі лек бойынша өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін ереже бұзудың 126 дерегі анықталды.