Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Ақтөбе облысында мұғалімдер заңсыз үстемеақы алып келген

Ақтөбе облысында мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыттық деп көрсетіп, заңсыз ақша алып келген. Шындығында, ол балалар мектеп қабырғасында білім алған, деп хабарлайды Paryz.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында мұғалімдер заңсыз үстемеақы алып келген
Фото: paryz.kz

Хромтау қаласындағы бұл заңсыздықты облыс прокурорлары анықтады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шағын шаһарда барлығы 117 мүгедек бала тіркелген. Оның 48-і үйде оқытуды қажет етеді. Алайда, білім беру ұйымдары осындай 6 баланың құқығын бұзып, оларды мектеп қабырғасында оқытқан. Сонымен қатар, 16 мұғалімге негізсіз қосымша ақы төлеген.

 «Аталған балалардың ата-аналарына 98 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем қамтамасыз етіліп, мұғалімдерден 300 мың теңге көлемінде негізсіз төлем өндірілді. Мүгедек балалардың құқықтарын бұзуға жол берген кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.