Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті Olympism 365 комисиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып тағайындалды
Фото: ҰОК

Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мырза Қазақстан ҰОК-ке ресми хат арқылы хабарлады, деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі.

«Сізді Комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін Сізге алдын ала алғыс білдіремін», - делінген хатта.

ХОК комиссияларын оның президенті Томас Бах құрады және ХОК-тың қызметін үйлестіріп, стратегияларын жасақтап, сондай-ақ, шешім қабылдау үшін ұйымның Атқару комитеті мен жұмыс сессияларына ұсыныстар енгізетін ХОК-тың жұмыс органдары.

Olympism 365 комиссиясы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейту үшін жұмыс істейді.

Olympism 365 стратегиясы Олимпиадалық қозғатыстың ішіндегі және одан тыс көптеген серіктестермен әріптестік орнату жолымен жүзеге асады. Жобаның басым бағыттары халықтың денсаулығы мен дене шынықтыру белсенділігін жақсарту, әділеттілік, қауіпсіздік және инклюзивтілік қағидаттарын нығайту, бейбітшілікті сақтау және білім беру арқылы спорттың әлеуметтік мәні мен олимпиада принциптерін көрсетеді.

Комиссия құрамына ХОК мүшелері, Олимпиадалық қозғалыстағы танымал функционерлері, сондай-ақ, Иорданияның тақ мұрагері, ханзада Фейзал Әл Хуссейн, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының президенті Себастьян Коэ, Катар ҰОК президенті, шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл Тани, сондай-ақ, белсенді спорт қайраткерлері мен танымал олимпиадашылар бар.