Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Көзін күштеп ашып тұрды»: Солтүстік Қазақстанда алаяқтар ер адамды қинап атына несие рәсімдеген

Суретте ер адамның көзін біреудің қолымен күштеп ашып тұрғанын байқауға болады. Бірақ ол осы қалпында сәйкестендіруден сәтті өткен, деп жазады Paryz.kz. 

«Көзін күштеп ашып тұрды»: Солтүстік Қазақстанда алаяқтар ер адамды қинап атына несие рәсімдеген
Фото: inbusiness.kz

Ер адамға несие 2021 жылы өте оғаш жағдайда рәсімделгені анықталды.

Ол досымен темір жол өткелінде жұмыс істеп жүргенде, оларға өздерін Ресей азаматымыз деп таныстырған ер адамдар келіп, Қазақстан азаматтарының көмегімен сим-карта алғылары келетінін айтқан.

Осы оқиғадан кейін екі адамға да несие рәсімделгені белгілі болған: біреуіне 785 мың теңге, екіншісіне миллионға жуық.