Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақмола облысында қылмыстық топ алтын кенін иемденіп алған

Ішкі істер министрлігі Ақмола облысында алтын кен орнын заңсыз пайдаланып, иемденіп алған қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ақмола облысында қылмыстық топ алтын кенін иемденіп алған
Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, биыл полиция қызметкерлері алтын шығатын кен орнын заңсыз қазумен айналысқан 400-ден астам адам ұсталып, жауапқа тартылды. Сегіз қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ топ болып әрекет ететін кен қазушылардың бригадалары анықталып, жолы кесілді. Осындай ұйымдасқан топты биыл қаңтар айында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұстап, кенді қайта өңдейтін заңсыз цехты жапты.

Салмағы 600 кг-нан астам құрамында алтыны бар 26 қап тәркіленді.

Сәуір айында полиция Степногорск қаласы прокуратурасымен бірігіп алтын ұрлаумен айналысқан үш заңсыз кен қазушы бригаданы қолға түсірді.

Кенді қайта өңдейтін үш шағын цех, сегіз тоннадан астам құрамында алтыны бар концентрат, контрафактілік зергерлік бұйымдардың ондаған жиынтығы тәркіленді. Шахтаның 200 метр тереңдігінде жерасты жуу цехы табылды. Полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тергеу жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

26 мамырда Ақсу және Бестөбе елді мекендерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тағы үш жерасты кен өңдеу цехы табылды.

ІІМ өкілінің айтуынша, әр түрлі жабдықтар, шамамен 300 қап кен тәркіленді. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары мен қызметкерлері ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауға алынған.