Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.