Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Әкесінің атына жасырын несие рәсімдеген алаяқ қыз ұсталды

ШҚО тұрғыны жасырын түрде әкесінің атына қомақты несие рәсімдеген, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Әкесінің атына жасырын несие рәсімдеген алаяқ қыз ұсталды
Фото: istockphoto.com

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өскеменде қала тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ер адам банктердің бірінде оның атына несие ресімделгені туралы хабарлады. Банк қызметкерлері берешектің жалпы сомасы шамамен 800 мың теңгені құрағанын айтқан.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтады, ол өтініш берушінің қызы болып шықты. Бойжеткен ақшалай несиені жауып тастаймын деген желеумен әкесінің телефонын алып, оның атына басқа тауарлық несие ресімдегені анықталды. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктіге төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.