Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Дипломат төңірегіндегі шу: Сәкен Мамаш туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Заңды некедегі әйелін он жыл бойы ұрып-соқты деген күдікке ілінген қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш сыртқы істер министрлігі жүйесінде 19 жыл 6 ай қызмет атқарған. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы Azattyq Ruhy-ның ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

Дипломат төңірегіндегі шу: Сәкен Мамаш туралы жаңа мәліметтер белгілі болды
Фото: @SakenMamash / Instagram

«С. Мамаштың ҚР СІМ жүйесіндегі еңбек өтілі 19 жыл 6 ай құрайды. Сонымен қатар С. Мамаш 2020 жылдың қыркүйегінен бастап 2024 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі лауазымында қызмет атқарды», - делінген жауапта.