Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Неше теңге несие алғандарға жұбайының келісімі керек болады

Кепілсіз тұтыну несиесі 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, жұбайының келісімін алу керек. Бұл туралы Сенатор Сергей Карплюк айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Неше теңге несие алғандарға жұбайының келісімі керек болады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Бүгін Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

«Кепілсіз тұтыну несиесі 3 700 000 теңгеден асатын болса, жұбайлардың екеуі де келісу керек. Заң халықтың несиге батуын азайту мақсатында қабылданып отыр», - деді сенатор. 

Некенің тіркелгені базадан қаралып, некедегі адамға осындай талап қойылады.