Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Ұлы дала жорығы - 2024»: төртінші күннің қорытындысы шықты

22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды, деп хабарлады Paryz.kz.  

«Ұлы дала жорығы - 2024»: төртінші күннің қорытындысы шықты
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. 

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді-мекені маңында аяқталды.  

Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті. 

100 км:

Жетісу облысы -  07:20:07
Маңғыстау облысы - 07:20:34
Алматы қаласы - 07:28:46
Жамбыл облысы  - 07:29:12 
Астана қаласы - 07:34:25 
Қарағанды облысы - 08:04:49
СҚО - 09:03:49 
Ұлытау облысы - 09:10:22
Қостанай облысы - 09:52:36
Абай облысы  - 09:53:05
Ақмола облысы - 10:08:18 
Түркістан облысы - 10:43:22
 «Рекорд» командасы.

400 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ

Жетісу облысы - 27:01:13
Маңғыстау облысы -  27:33:50
Алматы қаласы - 28:00:24
Жамбыл облысы  - 29:13:59
Астана қаласы - 30:43:01
Қостанай облысы - 31:41:31
Қарағанды облысы - 31:54:12
СҚО - 34:12:56
Ақмола облысы - 34:29:41
Абай облысы  - 36:22:21 
Түркістан облысы - 37:10:06
Ұлытау облысы - 37:23:37
«Рекорд» командасы.

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).  

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді. 

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.  

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі. 

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы. 
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.