Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Ұлы дала жорығы - 2024»: Үшінші күннің қорытындысы шықты

21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Ұлы дала жорығы - 2024»: Үшінші күннің қорытындысы шықты
фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. 

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.  
Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті. 

Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды. 

Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен  Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.  

100 км:
Жетісу облысы - 06:57:11
Маңғыстау облысы - 07:30:48
Алматы қаласы - 07:35:52
Қостанай облысы - 08:18:54
Жамбыл облысы  - 08:24:30 
Астана қаласы - 08:35:16 
Қарағанды облысы - 09:24:28
СҚО - 09:32:21 
Ақмола облысы - 09:53:57 
Түркістан облысы - 10:42:08
Абай облысы  - 10:45:39
Ұлытау облысы - 11:14:30
 Павлодар облысы  - 12:48:13 
«Рекорд» командасы.

300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ
Жетісу облысы - 19:41:06 
Маңғыстау облысы -  20:13:16 
Алматы қаласы - 20:31:38 
Жамбыл облысы  - 21:44:47 
Қостанай облысы - 21:48:55 
Астана қаласы - 23:08:36 
Қарағанды облысы - 23:49:23 
Ақмола облысы - 24:21:23
СҚО - 25:09:07 
Түркістан облысы - 26:26:44
Абай облысы  - 26:29:16 
Ұлытау облысы - 28:13:15 
Павлодар облысы  - 28:59:26 
«Рекорд» командасы.

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады.

Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).  

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді. 

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.  

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі. 

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы. 
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.