Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жаңаөзенде балабақша есепшісі ақша жымқырған

Жаңаөзен қаласы прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесінде екі мемлекеттік балабақшаның есепшісі бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Жаңаөзенде балабақша есепшісі ақша жымқырған
Фото: paryz.kz

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударған.

Аталған факті бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 2024жылғы 15 наурыздағы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.