Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Білімі:
1993 ж. – И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
1999ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын,Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институты, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.