Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Бишімбаев қамаудан мерзімінен бұрын шыға ала ма - Әділет министрлігінің жауабы

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 24 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына қатысты түсінік берді, деп хабарлады Paryz.kz.

Бишімбаев қамаудан мерзімінен бұрын шыға ала ма - Әділет министрлігінің жауабы
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сенат куларында министрдің орынбасарына «Қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне байланысты сотталған адамның қандай жағдайда мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алатынын сұрағым келеді. Бұл процедура қалай жүргізіледі? 2 рет ауыр қылмыс жасаған адамның жазасын жеңілдетуге үміті бар ма?» деген сұрақ қойылды.

Ботагөз Жақселекова мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мәселесі заң бойынша регламенттелгенін атап өтті.

Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты. Жалпы, бұл мәселені сот шешеді. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам өтінішті түзеу мекемесінде бере алады, - деді ол.

Ботагөз Жақселекова экс-министрдің ісі бойынша сот үкімі заңды күшіне енбегенін айтты.

Қазақстан заңында мерзімінен бұрын бостандыққа шығу қарастырылған. Бұл мүмкіндік жазасын өтеп жатқан адам оң сипатқа ие болғанда беріледі. Аса ауыр қылмыс бойынша тоқталайын. Мұнда ең аз мерзім ретінде жазаның үштен екісін кешіру қарастырылған. Жәбірленуші тараптың келісімі керек. Біріншіден, мерзімінен бұрын түрмеден шығару шешімін сот шығарады. Екіншіден, сот үкімінің заңды күшіне енгенін күтуіміз керек, - деді министрдің орынбасары.