Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?
Фото: baimedia.kz

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ, - деп жауап қайырды сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.

30 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин лауазымынан босатылған еді.

Министр бұл қызметтен «өз еркіммен кеттім» деп жазса да, түрлі Телеграмм арналар оны «кетірді» деп даурықты.