Солтүтстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды paryz.kz.
«Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізіген кәсіпкерге «қамқорлық» көрсеткен. Сол үшін 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде», - деп жазады Антикор.
Қазір оларды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.