Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматы облысындағы колонияда миллиардтаған айналымы бар онлайн казино жұмыс істеген

Прокуратура Алматы облысының түзеу мекемесіндегі өрескел заң бұзушылықты анықтады. 

Алматы облысындағы колонияда миллиардтаған айналымы бар онлайн казино жұмыс істеген
фото: egemen.kz

Қадағалау органының хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған. Олардың жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асты.

"№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша Іле аудандық соты аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті", – деп хабарлады прокуратура.

Сонымен қатар облыс прокуратурасы №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.

"Анықталған фактілер қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде мекеме қызметкерлерінің өздерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан заң бұзушылықтарды көрсетеді", – деп толықтырды ведомство.