Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Семей орманындағы өртке қатысты екі адам 7 жылға сотталды

14 адамның өмірін жалмаған «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватындағы өрт бойынша 2 қызметкерге үкім шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Семей орманындағы өртке қатысты екі адам 7 жылға сотталды
Фото: freepik.com

Бородулиха аудандық соты ҚК 292-бабы 3-бөлігі «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық істі қарады.

«Сот «Семей орманы» резерватында және Жаңа Үлбі филиалында басшылық лауазымдарды атқарған В. және К. орман өрті кезінде оларға жүктелген өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамағанын, жағдайды дұрыс бағаламағанын және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегенін, соның салдарынан 14 адам қаза тапқанын анықтады. В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және т. б. толық дәлелденген», - делінген соттың хабарламасында.

Осы айтылғандардың жазасы ретінде сот екі азаматты 7 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.