Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп келеді: бөгеттер нығайтылуда

Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп келеді: бөгеттер нығайтылуда
фото: әлеуметтік желіден

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті Жайық өзенінің су деңгейі көтерілуіне және ауа райының қолайсыздығына байланысты судың деңгейі қатты көтерілуде. Осыған байланысьты елді мекенге қауіп төнуде. Су тасқынының алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері және жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен қосымша қап қаптау және бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 80 адам жұмылдырылды, - деп атап өтті Қызылорда облысы ТЖД ТЖЖБ басқармасының бастығы Жандос Досымов.

Сондай-ақ тасқыннан қорғану мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы уақытша жырылды.