Бишімбаевтың қорғаушысы сот біткен соң, журналистерді сотқа беруге білек сыбана кіріспек, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Қорғаушының сөзінше, БАҚ біржақты ақпарат таратқан.
«Мұның бәрін БАҚ-тың қалай жариялағанын көрдіңіздер ғой... Өздеріңізге қалай ыңғайлы болса, солай тараттыңыздар. Жарты жылдан бері тек Бишімбаевтар отбасын қаралау жүрді», - дейді ол ZTB арнасының журналисіне.
Оның ойынша, Бишімбаевтарды қаралауға біреулер БАҚ-қа «тапсырыс» беріп отыр.
«Қолымда нақты ақпарат болған кезде, мен оны айтамын. Қаралаумен нақты кімнің айналысқанын, Бишімбаевтар отбасына қарсы бүкіл ақпарттық соғыспен айналысқандар туралы. Осы жағдайға байланысты деректер жиналып жатыр. Процесстен кейін міндетті түрде айналысамын», - деді адвокат.
Журналистің «Сотқа бересіз бе?» деген сұрағына «Міндетті түрде» деп жауап берді ол.