Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Президент Qarmet жұмысшысын орденмен наградтады

Президент Qarmet жұмысшысын орденмен наградтады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Президент Qarmet жұмысшысын орденмен наградтады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Митталдың орнын басқан жаңа инвестор Qarmet-ке 3,5 млрд доллар қаржы салатынын айтқан болатын. Сонымен бірге ол аталған қаржының қайда жұмсалатынын да айтты:

«Біріншіден, экология. Мысалы, қазір ондағы домна пеші тек көмірмен жұмыс істейді. Оны газға айырбастауға болады. 2025 жылы осы жұмысты аяқтаймыз. Бұл экологияға жақсы әсер етеді. Себебі көмірді пайдалану азаяды. 

Екіншіден, қазір (кәсіпорында) тауардың линейкасы өте аз. Оны арттыруымыз керек. Сондықтан инвестиция осы мақсатқа бағытталады.

Үшіншіден, бүгінде біз болаттың арнайы маркасын басқа елдерден экспорттап жатырмыз. Келешекте Qarmet осы болатты өзі өндіреді.

Осындай жоспарымыз бар. Қаржы осы бағытқа құйылады», - деді министр.