Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды paryz.kz.
Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).
Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.
Сотталушылардың соңғы сөзі а.ж. 6 мамырда, сағат 10:00-де өтеді, - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.