Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді – прокурор

Бүгін Астана сотында Бишімбаев ісі бойынша жарыссөз жалғасын тапты. Прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың Нүкенованы қызғаныштан өлтіргенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді – прокурор
Фото: видеодан скриншот

«Қорғаушы тарап «Бишімбаевтың Салтанатты өлтіруіне не себеп болуы мүмкін, оған не пайда?» дейді. Адамды өлтіру үшін сонда  себеп керек пе? Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді», - деді ол.

Сонымен бірге, прокурор Нүкенованы кешкі уақытта өлді деген қорғаушы тараптың сөзінің қате екенін айтты.

«Қорғаушы тарап айыптау актісінде өлім уақыты екі түрлі көрсетілген дейді. Салтанат кешке көз жұмды дейді. Олай емес. Айыптау актісін жақсылап қарасаңыздар, Бишімбаев 8 қарашадан 9-на қараған түні Салтанатты ұра бастаған. Оған куәгерлердің сөзі дәлел. Таңертең сағат 10.00-де Байжанов келгенде, Бишімбаев Нүкенованы ұрып жатпаған. Сараптамаға сәйкес, өлім қатты соққылардан соң, 6-8 сағаттан кейін болған. Салтанаттың басында гематома пайда болды. Ми қабығына тамшылаған қан біраз уақыттан кейін өзінің шегіне жеткен. Оны эксперт айтты. Салтанат азаптанып жатты. Ол өмір мен өлімнің арасында қиналып жатты. Салтанат түскі уақытта көз жұмды. Қорғаушы тарап айтқандай, кешке өлген жоқ», - деді Айжан Аймағанова.

Прокурор Байжановтың Бишімбаевтың тапсырмаларын сол күні саналы түрде орындағанын атады.

«Байжановтың қорғаушысы айыптардың бәрі болжамға құрылған, фактілер жоқ деді. Онда Байжановтың мейрамхананы жауып тастағанын, камералардың жазбаларын өшіргенін, телефонды әр жерге тасығанын, мүсәтір спиртін әкелуге тапсырғанын, таныс дәрігеріне қоңырау шалғанын қайда қоямыз. Байжанов оның бәрін саналы түрде орындады. Ол не болып жатқанын анық білді», - деді ол.