Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Алматыда соққыға жығылған зейнеткер қайтыс болды

Мегаполис саябақтарының бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапты.

Алматыда соққыға жығылған зейнеткер қайтыс болды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады.

«Адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментінен.